Lifestyle

Баян Алагөзова Дана Орманбаеваны сотта тағы да жеңді

Баян Алагөзова Дана Орманбаеваны сотта тағы да жеңді
Баян Алагөзова Дана Орманбаеваны сотта тағы да жеңді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қазақстандық белгілі продюсер Баян Алагөзовамен журналист, блогер Дана Орманбаеваның арасындағы апелляциялық іс сотта қаралды. Бұл туралы әлеуметтік желіде Алагөзованың адвокаты Анна Чернова жазды.

Чернова жазған ақпаратқа сүйенсек, Алматы қалалық соты бірінші инстанциядағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырған.

«27 қарашада Алматы қалалық соты айып адамның апелляциясын қарап, үкімді күшінде қалдырды», – делінген жазбада.

Адвокаттың жазуынша, тараптар арасында тағы бір процесс басталған.

«Біз жаңа процесске кірісеміз. Тараптар осы. Сәттілік тілеймін», – деп жазды адвокат.

Айта кетейік, 28 маусымда Баян Алагөзова беделіне нұқсан келтіретін жазбаларды жария еткен Дана Орманбаеваны сотқа беріп, одан 2 млн теңге моральдық шығын өндіруді талап еткен.

11 қазанда Медеу аудандық соты Дана Орманбаеваны кінәлі деп тауып, оны Алагөзоваға қатысты әлеуметтік желіде таратқан ақпараттарын жоққа шығарып, 500 мың теңге моральдық шығын өтеуге міндеттеген.