Ресей ядролық қорғанысы бірінші кезекте ҰҚШҰ елдерін қолдайды – Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ресей ядролық қорғанысы ҰҚШҰ елдерін қолдайды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ресей Федерациясының ядролық қорғаныс жүйесі бірінші кезек ҰҚШҰ елдерінің қауіпсіздігін сақтауды көздейді. Бұл туралы Астанадағы ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысынан кейін, журналистерге Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу айтып берді.

«Коммерсант» жазуынша, жаңа қабылданған доктринада ҰҚШҰ елдерінің қауіпсіздігі туралы жазылған, бұған қоса, Беларусь елінің қауіпсіздігі туралы бөлек бөлім бар.

«Біріншіден, ескі доктринада біздің одақтастарымыз осы қорғаныс жүйесі қарастырылғанын айтқым келеді. Бұл анық, нақты белгіленген. Жаңа доктринаға келетін болсақ, әрине, мұнда да ең алдымен, ҰҚШҰ елдері туралы айтып отырмыз. Беларуське қатысты өте маңызды бөлек қосымша бар», – деп атап өтті ол Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің Астанадағы бірлескен отырысының кулуарында.

Шойгудың айтуынша, қазір ядролық қаруды қолдану критерийлеріне Беларуське қарапайым қару-жарақпен агрессия жасалғанда және республиканың тәуелсіздігіне қауіп төнген кезде қорғау туралы қосымша қосылған.

Осыған дейін Украина төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуіне Қазақстанның қандай қатысы барын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз