Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында «Қызыл-Жар» футбол клубының басшыларына қатысты іс қозғалды

«Қызыл-Жар» футбол клубының басшыларына қатысты іс қозғалды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

26 қарашада «Facebook» әлеуметтік желісінде Төлеген Иманов «Қызыл-Жар СК» футбол клубының лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатқаны туралы жазған. Бұл ақпаратты облыстық прокуратура растады.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы бұл істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеген.

Тергеу барысында қылмыстық-процестік заңнама нормаларының талаптарына сәйкес қажетті шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін оралдық «Ақжайық» футбол клубының экс-директоры қамауға алынғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ Талдықорғанда «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д. М. Иманқұлов 5,5 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды.