Миллиардер Кеңес Рақышев Беларусь еліндегі БТА Банкті 230 млн теңгеге сатқан

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: yandex.by/maps, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Миллиардер Кеңес Рақышев Беларусь мемлекет БТА банкті 230 млн теңгеге сатқан. Бұл туралы Fincraft Group компаниясының 2023 жылғы аудиттелген қаржы есебінде жазылған. Рақышев Fincraft Group арқылы банкке иелік ететін.

Қаржы есебіне сәйкес, Беларусьтегі банктің 99,93% акциясы «SNRG Capital Eurasia» ЖШС-ның меншігіне өткен. Бұл серіктестіктің құрылтайшысы – Сұлтан Маренов. Ол 2015 жылға дейін аталмыз банкті басқарған.

2022 жылдың желтоқсанында БТА Банкі Қазақстандағы еншілес кәсіпорны «БТА Банк» АҚ арқылы Беларусьтегі «БТА Банк» ЖАҚ-ны сату және субординацияланған несие бойынша талап ету құқығын беру туралы шешім қабылдады. Өтемақының құны 1 млрд теңге мөлшерінде бағаланды. Активтердің құнсыздануынан болған шығын ұзақ мерзімді активтерге есептелді.

Беларусь елінің реттеушісі қойған ерекше талаптарға байланысты, бұл мәміле тек 2024 жылдың бірінші жартысында аяқталған. Осыған байланысты, компания балансында «БТА Банк» ЖАҚ (Беларусь) активтері сатуға арналған активтер ретінде көрсетіліп келді.

«2024 жылы БТА Банкі «SNRG Capital Eurasia» ЖШС-пен Беларусьтегі «БТА Банк» ЖАҚ акцияларының 99,9%-ын сату туралы келісімшартқа қол қойды. Мәміле құны 230 миллион теңгені құрады», – делінген хабарламада.

Сатуға арналған активтердің ішінде 93 цистерналық вагон бар, олардың баланстық құны – 472 миллион теңге. Бұл вагондар 2022 жылдың тамыз айында қамтамасыз етілген несиелердің кепілзаты ретінде өндіріп алынған. Алайда олар әділ құнына дейін құнсызданып, құнсыздану шығыны 468 миллион теңгені құрады.

2023 жылы БТА Банкі «БТА Мәскеу» ЖШҚ, «Батиаль» ЖШҚ және «Кронос» ЖШҚ компанияларын сату туралы шешім қабылдаған.

Бұған дейін Кеңес Рақышев Украинадағы БТА банкті украин инвесторына сататынын мәлімдеген. Алайда кәсіпкер банкті кімге сататынын нақтыламады. Рақышев қос тараптың мәмілесіне Ұлттық банк рұқсат берген соң, бүкіл ақпаратты ашық жариялайтынын айтты.

Қазіргі кезде кәсіпкердің Fincraft Group компаниясы шығынға батып отыр. Биыл 9 айда 21,5 млрд теңге шығынға батқан. 2023 жылдың сәйкес кезеңінте топ 1,9 млр теңге зиян шеккен. Соның ішінде пайыздық шығыны 11,8 млрд теңген болса, басқа да шығыны 12 млрд теңгені құрайды. Өнім сатудан түскен түсімі былтыр 9 айдағы 18 млрд теңгеден 15,7 млрд теңгеге азайған.

2024 жылдың наурыз айының соңында Fincraft Resources қарапайым акцияларының 78,85%-ы Fincraft Group-қа, 9,76%-ы Heatpoint Holdings Limited-ке және 11,39%-ы басқа тұлғаларға тиесілі болды. Компанияның түпкілікті бенефициары – Кеңес Рақышев. Холдинг құрамына 8 компания кіреді.

Қазақстандағы БТА Банктің тарихы

БТА Банк 1991 жылы Алматыда «Тұран Банк» атауымен құрылды. 1997 жылы «Тұран Банк» пен «Әлем Банк Қазақстан» қосылуы нәтижесінде «ТұранӘлем Банкі» құрылды.

2008 жылы банк жаһандық қаржы дағдарысының салдарынан банк күрделі қаржылық қиындықтарға тап болды. 2009 жылы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры БТА Банкінің бақылау пакетіне ие болды.

2015 жылы БТА Банк өз еркімен Қазақстан Ұлттық банкіне банк лицензиясының күшін жою туралы өтініш берді. Осылайша, Қазақстандағы банктің қызметі тоқтады.

2016 жылы Кенес Рақышев БТА Банктің 46,64% акциясын сатып алды, ал 2017 жылы өзінің үлесін 97,79%-ға дейін жеткізді.

Екі жылдан соң Кенес Рақышев БТА Банкінің 29% акциясын «Fincraft Group» ЖШС-ның жарғылық капиталына үлес ретінде берді. Қалған акциялар пакеті сол компанияға сенімгерлік басқаруға берілген.

Сондай-ақ оқыңыз