Жаңалықтар

Қызылорда облысында ванадий өндіретін компания AIX-тен 20 млн доллар тартпақ

ванадий
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қызылорда облысында сирек кездесетін ванадий металын өндіру және өңдеумен айналысатын Ferro-Alloy Resources Limited компаниясы Астана халықаралық биржасында (AIX) үш жылдық облигацияларын орналастырды. Жалпы сомасы – 20 млн АҚШ доллары.

AIX-те жарияланған мәліметке сәйкес, бұл облигациялардың жылдық купондық мөлшерлемесі 13,5%-ды құрайды.

Компания ванадий және онымен байланысты өнімдерді өндіру және өңдеумен айналысады. Ұлыбританияда тіркелген компанияның негізгі активі – «Баласауысқан» кен орны. Оның «Балауса» фирмасы арқылы басқарады. Кен орны Қазақстанның Қызылорда облысында орналасқан. Ferro-Alloy Resources бұл кен орнында тек ванадий ғана емес, сонымен қатар молибден, уран сынды шикізат өндірмек.

Бұл облигацияларды орналастыру компанияның өндірісін кеңейтуге және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған. Компанияның жоспарлары аясында өндіріс қуатын ұлғайтып, ванадийді өңдеу бойынша әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделген.

Ferro-Alloy Resources Limited акциялары Лондон қор биржасында да сатылады.