Банк пен қаржы

Доллардың қымбаттауы зейнетақы қорындағы қаржыға қалай әсер етеді?

Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Доллардың нығаюы жылдың соңына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің табыстылығын арттырады. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемеге арналған брифингте мәлімдеді.

Бас банкирдің айтуынша, БЖЗҚ қоржынындағы валюта активінің үлесі инветтабысты арттыру және портфельді әртараптандыру мақсатында 40%-ға көбейген.

«Қазан айында доллар сатып алуды тоқтаттық, себебі БЖЗҚ-ның валюталық активтерінің деңгейі 40%-ға жетті. Біздің стратегияға сәйкес, бұл жеткілікті деңгей. Оны 50-60%-ға дейін арттыру тиімсіз, себебі валюта бағамы құбылуынан қауіп-қатер туындауы мүмкін. Қазіргі 40% – қалыпты көрсеткіш», – деп түсіндірді Сүлейменов.

Сүлейменов БЖЗҚ-дағы қаржы көбейіп, нарықта доллар бағамы тұрақтаған кезде валюта сатып алу мәселесін қайта қарастыратынын жеткізді.

«Зейнетақы қорының активтері арқан сайын және нарық жаңа тепе-тең айырбас бағамын тапқан кезде, мүмкін, валюта сатып алуды жалғастырармыз. Дәл қашан екенін айта алмаймын. Бәлкім, келесі жылы, себебі қазіргі кезеңде біз 40%-дық көрсеткішке жеттік, бұл бізге жеткілікті», – деді Сүлейменов.

10 қазанда Ұлттық Банк БЖЗҚ инвестициялық портфелі үшін доллар сатып алуды уақытша тоқтатқанын хабарлады. Оған қордың валюталық активтері үлесінің қажетті 40%-ға жеткені себеп болған. Соңғы рет Ұлттық Банк қазан айында БЖЗҚ үшін 228 млн доллар сатып алды. Айта кету керек, жыл басынан бері қазақстандықтардың зейнетақы шоттарына 2,3 трлн теңге инвесттабыс аударылды. Бұл кіріс бағалы қағаздарға инвестициялау және валюталық қайта бағалау есебінен түсті.