Жаңалықтар

2024 жылдың он айында Астанаға шамамен 1,3 трлн инвестиция тартылған

2024 жылы Астанаға шамамен 1,3 трлн инвестиция тартылған / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
2024 жылы Астанаға шамамен 1,3 трлн инвестиция тартылған / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылдың қараша айына дейін елордаға шамамен 1,3 трлн инвестиция тартылған. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің Астана өнеркәсіп өндірісіне сапары кезінде белгілі болды.

Үкімет ақпаратына сүйенсек, биыл Астанадағы жалпы ішкі өнім 5,5 трлн теңгеге жеткен, бұл былтырғы көрсеткіштен 7% көп. Өңірдегі шағын және орта бизнес көлемі жалпы бизнестің 72% -ды құрады.

«Биылғы 10 айда Астанаға шамамен 1,3 трлн теңге инвестиция тартылды, бұл ретте өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 7%-ға өсті», – делінген хабарламада.

Премьер-министр индустриалды аймақтағы бірнеше зауытқа барды. Аумағы 7,5 мың шаршы метр «Digital System Service» ЖШС зауыты телекоммуникация жабдықтарын шығарады. 2005 жылда берін зауытқа 4,5 млн доллар инвестиция құйылған.

Қазақстан локомотив құрастырып бастаған америкалық Wabtec зауытына осы кезге дейін 30 млрд теңге инвестиция құйылған. Қазір мұнда 742 адам жұмыс істейді.

60 жұмыс орны ашылған «Ashina KZ» ЖШС тігін фабрикасы жылына 24 мың дайын өнім шығарады. Жобаның жалпы құны 1,4 млрд теңге болып бағаланған.