27 қарашада Энергетика министрлігі мұнай немесе газ табылуы мүмкін көмірсутек кен орындарын 10 рет онлайн-аукцион өткізген.
Министрлік ақпаратына сүйенсек, сауда-саттыққа шыққан 9 учаскедегі кен орындарының 8-і сәтті сатылған. Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан Азнағұл учаскесі сатылмай қалды.
Ал иесін тапқан 8 кен орнының алтауында барлау жұмыстары жүргізу қажет. Қалған екеуінде мұнай мен газ өндіруге лицензия берілді.
Дәлірек айтқанда, Атырау облысындағы Солтүстік Корморантия және Ақтөбе облысындағы Шұбарқұдықтан мұнай мен газ өндіруге бірден лицензия берілді. Бірінші учаскені Zhyldyz GR, екінші учаскені «АртНик Ойл» сатып алды.
Аукционға шыққан кен орындарының басым бөлігі Маңғыстау облысында орналасқан. Оңтүстік Кендала, Солтүстік Кендаланы Kazakhstan FengYuanXinMao Energy LTD кәсіпорны алса, Жалғаной кен орнын Asia Energy Limited сатып алды.
Kazakhstan FengYuanXinMao ENERGY LTD компаниясы тағы бір кен орынын Атырау облысындағы Тасшағылды сатып алды.
Бұдан басқа, Medeo Drilling Group компаниясына Атырау облысындағы Қараған, Petroleum Universe компаниясына Ақтөбе облысындағы Синельниковское учаскелерінде барлау жүргізуге рұқсат берілді.
Аукцион жеңімпаздары 20 күн ішінде бонус төлеуі қажет.