Жаңалықтар

Қытайлық SANY Group Жамбылда генераторлар компонентін шығаратын зауыт салады

Қытайлық SANY Group Жамбылда зауыт салады
Қытайлық SANY Group Жамбылда зауыт салады / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қытайлық SANY Group «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорымен бірген Қазақстанда генераторлар компонентін шығаратын зауыт сала бастады. Жобаның жалпы құны 114 млн долларды құрады.

«Самұрық-Қазына» мен қытайлық SANY Renewable Energy компаниясының басшылары жел генераторларының құрамдастарын шығаратын зауыттың іргетасын қалады», – делінген қор баспасөз қызметінің хабарламасында.

2025 жылдың соңында іске қосылуы тиіс жоба құрылысына 114 млн доллар қажет болған. Зауытта болашақта 300 астам адам жұмыс істейді деген жоспар бар.

«114 млн доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстанның даму институттарынан қосымша қарыз алынбайды. Жергілікті өндіріс деңгейі артып, кемінде 30% болады. Ол үшін SANY RE қосымша R&D зерттеу орталығын ашуды жоспарлап отыр», – деді «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Зауытта жел электр станцияларына арналған гондолалар, күпшектер, мұнаралар шығару жоспарланған. Бұл бөлшектер елімізде салынатын жел электр станцияларының құрылысы кезінде қолданылады.

2030 жылға дейін «Самұрық-Қазына» әртүрлі жобаларды іске қосып, 6 ГВт жаңартылатын энергия көздерін табуды көздеп отыр.