Kursiv Media жанармай сапасын тексеру мақсатында Қазақстанның 5 жанармай бекетінің АИ 92 және АИ 95 маркалы жанармайларының сапасын арнайы октанометр құрылғысымен өлшеп, зерттеу жасап көрді. Бұл зерттеу жанармайдың стандарттарға сай келетінін және оның көліктердің қозғалтқыштарына әсерін анықтауға бағытталған.
Октанометр – бұл жанармайдың октан санын өлшеуге арналған құрылғы. Октан саны – жанармайдың детонацияға (яғни, жанармай мен ауаның ерте жарылуына) қарсы тұру қабілетін көрсететін көрсеткіш. Жоғары октан санымен жанармайлар моторларда тиімді жұмыс істеп, қозғалтқыштың ұзақ мерзімді жұмысына ықпал етеді.
АИ 92 және АИ 95 маркаларының сапасын тексеру үшін октанометр қолданылып, олардың сапасы мен стандартқа сәйкестігін анықтап көрдік. Тексеріс нәтижелері бойынша, әр бекеттегі жанармайдың октан саны әртүрлі болды:
1. Бекет
АИ 92 жанармайы 87 көрсеткішін көрсетті
АИ 95 жанармайы 97
2. Бекет
АИ 92 – 88
АИ 95 – 94
3. Бекет
АИ 92 – 88
АИ 95 – 97
4. Бекет
АИ 92 – 90
АИ 95 – 95
5. Бекет
АИ 92 – 92
АИ 95 – 95
АИ 92 маркалы жанармайдың октан санының нормадан төмен болуы оның сапасы мен жанармайды пайдаланудың тиімділігіне әсер етуі мүмкін. АИ 95 маркалы жанармайдың сапасы стандарттарға жақын болып шықты.
Бұл нәтижелер Қазақстандағы жанармай бекеттерінде жанармай сапасының әртүрлі деңгейде екенін және тұтынушыларға жоғары сапалы жанармай таңдау үшін мұқият болуға кеңес береді. Толық зерттеуді YouTube арнамызда көре аласыз.