АҚШ-тың Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяға ядролық шабуылының жойқын салдары көрсетілген карта жарияланды
Newsweek АҚШ арсеналындағы ең қуатты ядролық бомбалардың бірі В-83 соққысының салдары туралы талдау материалын жарияланды.
Мәскеуде 24 сағат ішінде ядролық соққыдан 1,3 миллионнан астам адам қаза тауып, 3,7 миллионы жарақат алады деген болжам бар.
Солтүстік Кореяның астанасы – Пхеньянда 1,3 миллионнан астам халық ядролық шабуыл құрбаны болады. Оған қоса 1,1 миллионнан астам адам зардап шегеді. Бейжіңде 1,5 миллион тұрғын қаза тауып, 3,3 миллион кісі жарақат алуы мүмкін.
Картада ядролық жарылыс қуатының әлсіреген тұсындағы тұрғындардың орташа тығыздығы ескеріген. В-83 отты шары 4,1 шаршы шақырым аумақты шарпиды. Орташа қирау аймағына ауданы 175,3 шаршы километр аумақтар кіреді. Бұдан ғимараттар қирап, өрт шығуы мүмкін. Әлсіз қирау аймағының ауданы 1385,6 шаршы метрге жетеді. 546,5 шаршы шақырым шеңберде орналасқан адамдар эпицентр ішінде болса, олар үшінші дәрежелі күйік алады. Бұл мүгедектікке және ампутацияға алып келуі мүмкін.
Карта аумақтардың жойылуының гипотетикалық радиусын көрсетеді:
Ішкі сары шеңбер – миллиондаған градус Цельсийге дейін көтерілетін қарқынды жылудың салдарынан бәрі балқып кететін отты шардың радиусы. Ол шамамен 4,1 шаршы шақырымды құрайды;
Ішкі сұр шеңбер – 175 шаршы шақырымды қамтитын және тұрғын үйлерді қирататын және біраз жерді шарпитын өрт шығатын қалыпты жарылыс радиусы;
Кең қызғылт сары шеңбер – шамамен 546 шаршы шақырымды құрайтын жылу сәулелену радиусы: бұл аймақтағы кез келген адамның терісі үшінші дәрежелі күйік алады, содан адам тәнінде тыртықтар қалып, мүгедектікке ұшырауы, ампутацияға мұқтаж болуы мүмкін;
Кең сұр шеңбер – жарылыс орнындағы 1385 шаршы шақырым жеңіл зақымдану радиусы. Осының өзінде терезе әйнектерінің күл парша болуынан кісілер жарақат алуы мүмкін.
Адамзатқа тажал алып келетін қарудың қуаты қандай болатыны туралы ақпараттар бұған дейін де ақпарат құралдарында жариялаған. 2016 жылы АҚШ Ұлттық қауіпсіздік мұрағаты Шығыс Еуропа, Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяның 1100 қаласы мен аймағын қамтитын АҚШ-тың 1956 жылғы ядролық нысандарының тізімін жарыққа шығарды.
2023 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша АҚШ-тың ядролық оқтұмсықтарының саны 3748 болды.