Қор нарығына шолу: Трамп БРИКС елдеріне қыр көрсетті, желтоқсан қор нарығына қолайлы ай болмақ

Жарияланды
обзор
Фото: shutterstock

Уолл-стрит сарапшылары желтоқсан айында АҚШ қор нарығындағы раллидің жалғасуын күтіп отыр. 2025 жылға арналған оптимистік болжамдар да айтылып жатыр. Алайда АҚШ нарығында «көпіршік» қалыптасуы да мүмкін. Үндістан мен Қытай экономикасындағы мәселелер күшейіп келеді. Осы және өзге де тақырыптар туралы әлемдік БАҚ шолуынан оқыңыз.

Желтоқсан қор нарығына қолайлы ай болмақ

АҚШ қор биржаларындағы акциялар Дональд Трамптың президент сайлауындағы жеңісінен кейін тарихи максимумдарға жетті. Себебі Уолл-стрит жаңа Ақ үй әкімшілігінің экономикалық саясаттарына оң көзқараспен қарайды.

Инвесторлар АҚШ-тың сыртқы сауда тарифтерін арттыру және миграциялық саясатты қатаңдату сияқты тәуекелдерге қарамастан, оптимистік көңіл күйін сақтап отыр. 2024 жылдың басынан бері S&P 500 индексі 50-ден астам тарихи максимумды жаңартты. Yahoo Finance сауалнамасына қатысқан сарапшылар желтоқсан айында раллидің жалғасуын күтетіндерін айтты.

CFRA сарапшысы Сэм Стовалл желтоқсан айы S&P 500 индексінің ең тұрақты өсу айы болатынын атап өтті. Әдетте бұл айда индекстің өсуі жиі тіркеледі және құбылмалылық орташа деңгейден 40%-ға төмен. Сонымен қатар осы жылы сайлау нәтижелері нарықта «бұқа» көңіл-күйін күшейтті. Сарапшылар «Санта-Клаус раллиін» күтіп отыр. Бұл дегеніміз – жылдың соңғы бес сауда күні мен жаңа жылдың алғашқы екі күніндегі нарықтың көтерілуі.

Уолл-стриттің жетекші стратегтері 2024 жылға оптимистік болжамдар жасап жатыр. Goldman Sachs 2024 жылдың соңына дейін S&P 500 индексінің 4%-ға, RBC және Barclays –10,5%-ға, Deutsche Bank – 17,2%-ға өсуін күтіп отыр. Бұған дейін UBS (+16%), Wells Fargo (+13%), Morgan Stanley (+11%) және Goldman Sachs (+10%) да өз болжамдарын жариялады.

Технологиялық сектор көш бастап тұрғанымен, акциялардың өсу қарқыны төмендеп барады

Жалпы өсудің аясында Wealth Alliance компаниясының президенті Эрик Дитон «қажетсіз оптимизм» туралы пікір білдірді деп жазды Bloomberg. Оның айтуынша, нарық әлемдік «сауда соғысы» мен АҚШ-та жұмысшы жетіспеушілігі (миграциялық заңдарды қатаңдату нәтижесінде) сияқты тәуекелдерді елемей отыр.

Инвесторлар ең тәуекелді нарықтарға да қаражат салып жатыр. Капиталдандырылуы кіші компанияларды қадағалайтын Russell 2000 индексі 2021 жылдан бергі алғашқы рекордын жаңартуға жақындап келеді. S&P 500 индексі 2024 жылы жоғары ықтималдықпен 20%-дан астам өседі. Доткомдар кезеңіндегі сияқты жағдай бір рет қана болған.

Дитонның пікірімен Richard Bernstein Advisors компаниясы да келісіп отыр. Олар өткен аптада өз клиенттеріне жолдаған жазбасында АҚШ қор нарығына бөлінген бөлшек инвесторлардың қаражат ағымы туралы айтты. Мәселе бұл инвесторлардың «тәуекелді болдырмау» стратегияларын тым аз пайдалануында.

BTIG компаниясының негізгі техникалық сарапшысы Джонатан Крински тағы бір алаңдатарлық жағдайға назар аударды: технологиялық сектор әлі де көш бастап тұрғанымен, соңғы айда оның акцияларының өсу қарқыны төмендеп барады.

Трамп БРИКС елдеріне басқа валютасын әзірлеу идеясынан бас тартуды ұсынды

Дональд Трамп БРИКС елдеріне егер олар долларға қарсы өз валютасын әзірлеуді бастаса, АҚШ бұл елдерге импортқа 100%-дық тариф енгізетінін ескертті. Өзінің Truth әлеуметтік желісіндегі хабарламасында Трамп АҚШ БРИКС-тің долларға балама халықаралық төлем құралын жасауын «құптамайтынын» атап өтті.

Трамп сайлау науқаны барысында АҚШ долларынан бас тарту мүмкін емесін ескерткен болатын. Bloomberg деректеріне сәйкес, Трамп және оның экономикалық кеңесшілері, тарифтерден бөлек, доллардан басқа валюталармен екіжақты сауда жүргізуге тырысатын елдерге қарсы «жазалау шараларын» талқылап жатыр.

Карнеги қорының аға ғылыми қызметкері Майкл Петтис Трамптың БРИКС елдеріне қатысты ескертуін АҚШ әкімшілігінің жаһандық сауда және капитал жүйесіндегі «қателіктерін» көрсететінін айтты.

«АҚШ бір уақытта сауда тапшылығын қысқартумен бірге доллардың әлемдік үстемдігін нығайта алмайды. Бұл екеуі бір-біріне қарама-қайшы келеді», — деді Петтис.

Қысқа қайырғанда

Илон Маск OpenAI-ды коммерциялық компанияға айналдыруды «заңсыз трансформация» деп атап, оған тыйым салуды сұрады. Ол ChatGPT жасанды интеллектінің үстемдігін жоюды және бәсекелестікті қорғауды талап етуде. Маск OpenAI-ға қарсы сот ісін өткен жылдың ақпанында бастады, кейін оны кері қайтарды. Бірақ қыркүйек айында қайтадан арыз жазды.

Қытайдағы тұрғын үй нарығындағы сатылым 2023 жылдың қарашасымен салыстырғанда жылдық мәнде 6,9%-ға және қазан айымен салыстырғанда 16,6%-ға – 363 млрд юаньға (50 млрд доллар) дейін төмендеді. Құрылыс секторы елдің жалпы ішкі өнімінің 25%-ын құрайтынын ескерсек, бұл биліктің айтарлықтай алаңдаушылығын туғызды. Үндістан экономикасының өсуі осы жылдың шілде-қыркүйек айларында 5,4%-ға дейін төмендеді. Бұл алдыңғы болжамдардан және Үндістан Резервтік банкінің 7%-дық болжамынан әлдеқайда төмен. Goldman Sachs экономистері де 2025 жылдың наурызына дейінгі болжамын 6%-ға төмендет

Сондай-ақ оқыңыз