Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры желтоқсан айында депозиттердің кейбір түрлері бойынша шекті мөлшерлемені өзгертті. Мерзімсіз депозиттер бойынша мөлшерлемелер 1%-ға өсіп, 13,8%-дан 14,8%-ға жетсе, жинақ депозиттердің мөлшерлемесі төмендеген.
Ал толықтыруға болатын жинақ салымдарының пайыздық мөлшерлемесі өзгеріссіз қалған:
- 1 ай – 14,0%
- 6 ай – 17,0%
- 12 ай – 14,3%
- 24 ай – 8,2%
- 24 айдан ұзақ – 8,9%.
Толықтыру құқығынсыз мерзімді салымдардың (жинақ салымдарды қоса алғанда) пайыздық мөлшерлемесі:
- 1 ай – 15,4%
- 6 ай – 18,7% (бұрын 19%)
- 12 ай – 16,6% (бұрын 16,7%)
- 24 ай – 13,5% (бұрын 15%)
- 24 айдан ұзақ – 11,5% (бұрын 12,3%) деп белгіленген.
Депозиттердің пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруіне 29 қарашада базалық мөлшерлемені 1 пайыздық тармаққа көтеруі себеп. Бас банк негізгі мөлшерлемені 14,2%-дан 15,25%-ға дейін жеткізді. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұған дейін қазақстандықтарға артық қаржысын депозит пен жылжымайтын мүлікке салуға кеңес берген.
Қазақстандық банктерде қазір заңды және жеке тұлғалардың 39,3 трлн теңге жинағы сақталған. Соның ішінде 22,7 трлн теңгесі жеке тұлғаларға тиесілі болса, 16,6 трлн теңгесі – копаниялардың қаржысы.