Қазақстандағы инфляция Үкіметтің пайыздық межесінен әлі де алыс болып тұр. Қазан айында қарқын алған инфляция 8,5%-ды, ал қарашада жылдық инфляция 8,4%-ды құраған. Айлық инфляция 0,9%-ға өсті.
Өткен айда ақылы қызметтердің бағасы – 13,3%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 8%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,4% қымбаттаған. Ал айлық инфляция деңгейі 0,9%-ға тең.
Қараша айында қияр мен қызанақ 40 пайыздай қымбаттаған. Ал тәтті бұрыш бағасы– 15,5%, басты пияз – 13,9%, сарымсақ – 10,1%, қырыққабат – 8,9%, картоп – 6,2%, апельсин – 4,8%, лимон – 4,1%, күнбағыс майы 4% өскен.
Коммуналдық қызметтердің ішінде суық судың бағасы 11,4 пайызға артқан. Ал электор энергиясының құны 3,4% қосса, жылу бағасы 2,1 пайыз көтерілді.
2023 жылдың қарашасымен салыстырғанда, суық су тарифі – 43,1%, су бұру – 25,7%, электр энергиясы мен ыстық су – 21,7%-дан, орталықтан жылытуға – 17,5%, қоқыс шығаруға 10,3% жоғарылаған.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қарағанды облысында тіркелген – 1,5, ал ең төменгісі – Алматы қаласында (0,4%).