Жұманғарин Қазақстан Ресейге қарсы батыс санкцияларының кейбірін сақтамайтынын айтты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Жұманғарин Қазақстан Ресейге қарсы батыс санкцияларының кейбірін сақтамайтынын айтты
Жұманғарин Қазақстан Ресейге қарсы батыс санкцияларының кейбірін сақтамайтынын айтты / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан батыс елдері Ресейге салған кейбір санкцияларды сақтамайды, бірақ санкцияны айналып өтпейді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин ресейлік журналист Павел Зарубиннің «Мәскеу. Кремль. Путин.» фильміне берген сұхбатында айтты.

Жұманғарин Қазақстанның батыс санкцияларын қолдамайтынын, дегенмен оларды айналып өтетін елге айналмайтынын атап өтті.

Бұған қоса, санкцияға байланысты жасалған қысым Қазақстан экономикасына әсер етуі мүмкін екенін, сондықтан Үкімет өз өндірісіне зиян келтіріп жұмыс істегісі келмейтінін айтты.

«Елімізде өндірілетін белгілі бір тауарлар бар және олар санкциялық тізімге енген. Дегенмен бұл тауарлар бойынша ешқандай шектеулер жасамаймыз деп шештік. Себебі оның артында үлкен еңбек пен ұжымдар, тіпті сол өндіріс орны орналасқан моноқалалар тұр. Сондықтан бұл өте маңызды», – деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Жұманғарин Bloomberg басылымына берген сұхбатында батыс елдері Ресейге салып жатқан санкциялардың қазақстандық компанияларға әсері туралы айтып, еліміздің ережелерді сақтап отыра алмайтынын ескерткен.

Сондай-ақ оқыңыз