Ұлытау мен Қарағанды да ауа райына байланысты жабылған жолдар қайтадан ашылды
1 желтоқсан күні кешкі сағат 19:00-ден бастап үш облыста жүк, қоғамдық және жолаушылар көлігі үшін жолдар жабылған. «ҚазАвтожол» 2 желтоқсан сағат 06:00-ға жақын жолдардың барлығы қайта ашылғаны туралы хабарлады.
«ҚазАвтожол» ақпаратына сүйенсек, елдің орталық өңірлерінде жабылған жолдар қайта ашылып жатыр. Қарағанды облысында жүргізушілер Қызылорда-Павлодар тас жолының Ұлытау облысының шекарасынан Топар кентіне дейінгі 788 шақырымынан 906 шақырымына дейін қайта жүре алады. Осы тас жолдың кеше кеште жабылған Қарағандыдан Павлодар облысына дейінгі жолы да қайта ашылды. Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тас жолының Қарағандыдан Қарқаралыға дейінгі бөлігі де ашық.
Ұлытау облысында Қызылорда-Павлодар тас жолының Жаңаарқа кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі бөлігі ашылды.
Павлодар облысында Шідерті кенті маңындағы қозғалыс қайта жанданды.