Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққандарға «Росатомның» радиофармпрепараты алғаш рет қолданылды

Жарияланды
Ауырсынуды жылдам басып, анальгетиктердің дозасын азайтуға және одан мүлде бас тартуға мүмкіндік береді/фото: tass.ru

Астанадағы Президент клиникасының дәрігерлері үшін «Самарий, 153Sm Оксабифор» атты ресейлік дәріні қолдану жөнінде мастер-класс өтті. Бұл препарат ауырсынуды басып, рак клеткаларын сәулелендіру арқылы сүйектегі метастаздарды азайтады.

«Атом Медиа» хабарлауынша, осы дәріні қолданған соң, пациенттердің 78 пайызында үш ай және одан да көп уақыт ішінде ауырсыну басылған. Дәрі-дәрмек ауруды жылдам басып, анальгетиктердің дозасын азайтуға және одан мүлде бас тартуға мүмкіндік береді.

Сүйек метастаздаларының пайда болуы дерттің асқынғанын көрсетеді. Мәселен, диагноз қойылған кезде қуықалды безінде ісік табылған науқастардың 4-7 пайызында сүйік метастазасы бар болып шығады. Бұл қатты ауырсыну, сүйектің сынуы және буындар қозғалысының бұзылуы дегенді білдіреді.

Қабылған соң, «Самарий, 153Sm Оксабифор» сүйек метастазына жинақталып, іштен сәулелендіру ісік клеткаларына әсер тигізеді. Ісік инфильтрациясын басып, ауруды басады.

Сондай-ақ оқыңыз