Қазан айында Қазақстанның бес банкі Ұлттық банктің статистикасына сәйкес 90 күннен астам мерзімі өткен несиелер үлесін азайта алды. Басқа ұйымдарда NPL90+ несиелерінің үлесі, керісінше, өсті.
Мерзімі өткен несиелердің үлесін қай ұйымдар азайта алды:
- Kaspi Bank – 4,98%-дан 4,9%-ға дейін (мерзімі өткен несиелер сомасы 280,6 млрд теңгені құрады);
- Еуразиялық банк – 6,62%-дан 6,33%-ға дейін (97,5 млрд теңге);
- Bereke Bank – 6,79%-дан 6,44%-ға дейін (88,7 млрд теңге);
- Shinhan Bank of Kazakhstan – 0,64%-дан 0,63%-ға дейін (500 млн теңге);
- Ziraat Bank – 1,16%-дан 1,08%-ға дейін (1,3 млрд. теңге).
Halyk Bank-те 90 күннен астам мерзімі өткен несиелердің үлесі 2,34%-дан 2,45%-ға дейін өсті. Яғни кредит сомасы 261,8 млрд теңге болды. ЦентрКредит банктің үлесі 1,43%-дан 1,47%-ға дейін өсті: проблемалық несиелер сомасы 56,1 млрд теңгені құрады.
Проблемалық несиелердің ең көп үлесі бар банктер бестігіне:
- Банк ВТБ – 9,78% (7 млрд теңге);
- Нұрбанк – 9,61% (25 млрд теңге);
- Jusan Bank – 8,32% (106,2 млрд теңге);
- Хоум Кредит Банкі – 6,81% (51,4 млрд);
- Bereke Bank – 6,44% (88,7 млрд теңге);
ForteBank-те 90 күннен астам мерзімі өткен несиелердің үлесі 2,91%-дан 2,94%-ға дейін өсті. Яки оның көлемі 52,3 млрд теңгеге жетті. «Отбасы Банкте» проблемалық несиелердің үлесі бұрынғы деңгейде қалды – 0,12% (3,9 млрд теңге).