Жаңалықтар

Наразылықтан кейін Абхазия парламенті Ресеймен инвестициялық келісім жасаудан бас тартты

Абхазия Ресеймен инвестициялық келісімнен бас тартты
Абхазия Ресеймен инвестициялық келісімнен бас тартты / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Абхазия парламенті оппозициялық наразылықтардан кейін, Ресеймен инвестициялық келісім жасаудан бас тартуға мәжбүр болды.

Парламент депутаттар наразылыққа шыққан халықтың қалауын орындауды жөн санаған. Осыған дейін қол қойылған Ресеймен инвестициялық келісімнің күші жойылатын болды. Оған Мәскеуде елдің экономика министрі Кристина Озган қол қойған еді. Наразы топ келісім жасау арқылы парламент елді «Ресейге сатады» деп ұрандаған.

Қазан айының соңында Абхазия мен Ресей арасындағы келісімге қол қойылды. Оған сәйкес, ресейлік компаниялар Абхазияда өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыра алады. Ал Абхазия өз тарапынан инвестиция құйған кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер ұсынады. Құжат 15 қарашада парламентте ратификациялануы керек болған.

Алайда 15 қарашада жүздеген адам Үкімет ғимараты алдына жиналып, келісімнен бас тартып, ел президенті Аслан Бжаниянды отставкаға жіберу туралы талап қойған

19 қарашада ел президенті отставкаға кетуге мәжбүр болып, аймақта кезектен тыс президент сайлауын өткізу мәселесі талқыланған.

Абхазия – БҰҰ конвенциясына сәйкес ресми түрде Грузияның бір бөлшегі. 2008 жылы Ресей Федерациясының әскери күштері қолдау көрсеткеннен кейін, ел өзінің Грузиядан «азат» екенін жариялаған. Қазақстан Абхазияның тәуелсіздігін ресми түрде мойындамай, оны Грузияның бір бөлшегі деп танитынын жария еткен.