Жаңалықтар

АҚШ Конгресі COVID-19 вирусы Қытай зертханасынан тарағанын анықтады

АҚШ Конгресі COVID-19 вирусы Қытай зертханасынан тарағанын анықтады
АҚШ Конгресі COVID-19 вирусы Қытай зертханасынан тарағанын анықтады / Фото: shutterstock

АҚШ Конгресі арнайы тергеуден кейін COVID-19 вирусы Қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан тарағанын анықтаған. Бұл туралы FOX агенттігінің жазды.

Конгресс коронавирустың зертханадан шыққанын растаған. Тергеу жүргізген кіші комитеттің қорытынды есебінде «COVID-19 Қытайдың Ухань қаласындағы зертханада пайда болуы мүмкін» делінген.

«Кіші комитет вирустың табиғатта жоқ биологиялық сипаттамалары бар екенін анықтады. Ғылыми стандарттарға сәйкес, оның табиғи шығу тегі болса, қазіргі уақытқа дейін белгілі болатын еді», – деп жазады басылым.

Басылым Қытайдың вируспен күресу бойынша жетекші ғылыми зертханасы Уханьда орналасқанын атап өткен. Мұнда биоқауіпсіздік бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп келген. Зертхана қызметкерлері 2019 жылдың күзінде вирус жұқтырған.

Қытай билігі 2019 жылдың желтоқсанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДҰ) Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлаған.

Вирус бүкіл әлемге тарап, 2020 жылдың наурызында COVID-19 пандемиясы жарияланды. Біріккен ұлттар ұйымының ақпаратына сүйенсек, коронавирус салдарынан 2019-2021 жылдар аралығында 3,4 миллион адам қайтыс болған. Қазақстанда қайтыс болған адамдардың саны ресми статистика бойынша 19 мыңнан асады.