Қатар сатып алған Bereke Bank-тің директорлар кеңесінен үш қазақстандық шығарылды
Қатарлық Lesha Bank сатып алған қазақстандық Bereke Bank-тің директорлар кеңесінен үш қазақстандық шенеунік шығарылды.
KASE-де жария болған ақпаратқа сүйенсек, қатарлықтарға сатылған Bereke Bank директорлар кеңесінен KASE топ-менеджері шығарылған. Әңгіме «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қорының директорлар кеңесінің мүшесі Асқар Елемесов туралы болып отыр. Ол 2006 жылы ҚР Қаржы вице-министрі қызметін атқарған.
Ақпаратқа сүйенсек, екі айдың ішінде банкті директорлар кеңесінен үш мүшесі шыққан. Мәлімет бойынша қазан айының басында Bereke Bank директорлар кеңесінен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің екі өкілі – Вячеслав Сон және Ерсайын Хамитов те шыққан. Дәл сол күні банк қатарлық Lesha Bank-ке 65 млрд теңгеге сатылған.
Қатарлық банк қазақстандық банкті сатып алу туралы ұсынысты 2024 жылдың басында жария еткен. «Бәйтерек» холдингіне тиесілі болған Bereke Вank активтері бастапқыда 2,063 трлн теңгеге бағалаған. Алайда қатарлық инвестор оны 65 млрд теңгеге сатып алған. Мәміле 8 қазанда толыққанды аяқталған.