Lifestyle

Германияда Volkswagen жұмысшылары жаппай қысқартуға қарсы ереуілге шықты

Германияда Volkswagen жұмысшылары жаппай қысқартуға қарсы ереуілге шықты
Германияда Volkswagen жұмысшылары жаппай қысқартуға қарсы ереуілге шықты / Фото: shutterstock

Германиядағы Volkswagen басшылығы жалақыны төмендету, жаппай қысқарту және бірқатар зауыттарды жабу жоспарларын жариялады. Жұмысшылар кәсіподағы жоспармен келіспей, зауыттардың жұмысын тоқтатып, ереуілге шықты.

DW басылымының ақпаратына сүйенсек, 2 желтоқсанда IG Metall компаниясының Volkswagen автоөндіріс концернінің Германиядағы он зауытының тоғызында ереуіл өтті. Әр ауысымның жұмысшылары екі сағаттан зауыт жұмысын тоқтатып отырды. IG Metall келіссөз жүргізуге тырысқанымен, жұмысшылар бірнеше зауыттағы қысқарту және зауыттарды жабу жоспарымен келіспеген.

1 желтоқсанда кәсіподақтар мен Volkswagen басшылығы арасындағы еңбек дауларын бейбіт жолмен шешуге міндеттейтін келісімдердің мерзімі аяқталды. 

«Келіссөздер үстеліне келуге дайын екенімізді көрсеттік, бірақ біздің ниетімізді компания қабылдамады. Енді елемеуге болмайтын ескерту ереуілдерге болады», – деді кәсіподақ өкілі

Жұмыс берушілер жеңілдіктер жасамаса, концерн тарихындағы ең үлкен құлдырау болмақ. Ескерту ереуілдерінің өзінде зауыт жұмысының тоқтауынан мыңдаған көлік конвейерлерден түспей қалған. 

Әзірге компания өкілдерімен кәсіподақ жалақы туралы келіссөздерді жалғастыру үшін 9 желтоқсанда кездесуге келісті.

Айта кетейік, компания Германияда 10 зауытты басқарады, оның алтауы төменгі Саксонияда, үшеуі Саксонияда және біреуі Гессенде. Оларда шамамен 130 мың адам жұмыс істейді. Жұмысшылардың жартысына жуығы Вольфсбург қаласы маңында тұрады.