Қарағанды облысының әкімдігі кәсіпкерлер Германияға тегін бара алатын бағдарлама әзірледі. Оның аясында карағандылық кәсіпкерлере Германияда тегін білім алып, серіктестер табуға мүмкіндік ала алады.
Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, 2025 жылға арналған өтінімдер 2024 жылдың 17 желтоқсанына дейін қабылданады. Құжаттарды тапсыру үшін Қарағанды қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының кеңсесіне баруға немесе электрондық пошта арқылы жіберуге болады: karaganda@atameken.kz.
Бағдарлама талаптары
Бағдарламаға қатысу үшін келесі талаптарға сай болу қажет:
- Шағын және орта бизнес басшысы болу;
- Жылдық орташа табысы кемінде 10 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) тең болуы;
- Жұмыс тәжірибесінің расталуы;
- Келіссөздер жүргізу және басқару шешімдерін қабылдау өкілеттіктерінің болуы.
Тағылымдаманың артықшылықтары
Бағдарлама екі кезеңнен тұрады:
1. Бірінші кезең – бес апталық онлайн оқыту. Бұл кезеңде қатысушылар Германияның бизнесті дамыту орталықтары негізінде білім алады.
2. Екінші кезең – Германияда үш апта бойы тағылымдамадан өту. Қатысушылар неміс компанияларының жұмысымен танысып, заманауи зауыттарға баруға, сондай-ақ шетелдік серіктестермен байланыс орнатуға мүмкіндік алады.
Тағылымдамана келесі жылы өту үшін төрт негізгі бағыт анықталды:
- – жасыл технологиялар және өнеркәсіп;
- – денсаулық сақтау:
- – ақылды ауыл шаруашылығы.
- – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау.
Бағдарламаға қатысу үшін туралы толық ақпаратты Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан алуға болады.