Jaguar жаңа Type 00 электрокөлігін таныстырды

Жарияланды 3 Желтоқсан 2024 12:52

(жаңартылды 3 Желтоқсан 2024 14:25)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Jaguar жаңа Type 00 электрокөлігін таныстырды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Атақты британдық Jaguar көлік бренді Майамиде жаңа Type 00 электрокөлігін таныстырды. Jaguar компаниясы 2021 жылдың ақпанында 2025 жылға дейін бензинді көліктерді шығаруды тоқтатып, толық электрлі көліктер өндірісіне көшетінін мәлімдеген.

Сэр Уильям Лайонс негізін қалаған Jaguar әрқашан «ешкімді қайталамайтын» ерекше өнер туындысы ретінде қабылдануы тиіс деп есептеген. Сондықтан Jaguar-дың жаңа ұраны – «Copy Nothing» (Ешкімді қайталауға болмайды).

Бұл философия болашақта брендтің барлық өнімдерінде және визуалды стильдерінде көрініс табады. Type 00 концептісі осы жаңа бағыттың алғашқы мысалы болып отыр.

Type 00-дің ерекше ұзын капоты, «қайықтың құйрығына» ұқсас артқы бөлігі электромобильдер нарығындағы біркелкі дизайннан ерекшеленуге көмектеседі.

фото: Jaguar.com

2025 жылы таныстырылатын жаңа модельдер

Jaguar жаңа дәуірдің алғашқы моделі ретінде төрт есікті Gran Turismo (GT) көлігін ұсынады. Бұл электрлі көлік бір зарядта 770 км (WLTP) немесе 692 км (EPA) қашықтықты жүре алады деп жоспарланған. Сонымен қатар, жылдам зарядтау технологиясы 15 минут ішінде 200 миль (321 км) қашықтыққа жететін қуат алуға мүмкіндік береді.

фото: Jaguar.com

Jaguar жаңа электрокөлігінің алғашқы моделі 2026 жылы сатылымға шығады деп жоспарланып отыр. Бұл автомобильдер Ұлыбританияда шығарылып, ең төменгі бағасы 120 мың фунт стерлингтен (74 млн теңге) басталады.

2026 жылға дейін Jaguar бұрынғы модельдерді сатуды жалғастырып, бренді имиджін жаңартуға және дилерлік желісін қысқарту мен қайта құруға назар аударады. Жаңа Luxury санатындағы электромобильдерді тек арнайы бутик-дүкендер сататын болады, ал алғашқы бутик Парижде ашылады.

Сондай-ақ оқыңыз