4 желтоқсанынан бастап Қазақстанда көлік құралдарының орташа жылдамдығын өлшеу жүйесі іске қосылады. Бұл жол қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру аясында заңнамаға енгізілген түзетулер.
Жаңа ережелерге сәйкес, «орташа жылдамдық» ұғымы заңды түрде бекітілді. Орташа жылдамдық – бұл халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы қолданыстағы жол учаскелерінің ұзындығын көлік құралы жүріп өткен уақытқа бөлу арқылы анықталатын жылдамдық.
Енді жолдағы жылдамдық шектеуін асыру көлік құралдарының орташа жылдамдығын арнайы сертификатталған, автоматты режимде жұмыс істейтін бақылау құрылғылары арқылы анықталады.
Алкоголь немесе есірткі пайдаланып көлік жүргізгендер 8 жыл бойы жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыра алмайды.
Жылдамдықты асыруға қатысты жаңа айыппұлдар
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске (ӘҚБК) де түзетулер енгізілді. Жылдамдықты асыру бойынша айыппұл мөлшерлері қайта қаралып, олардың дәрежесіне байланысты айқындалды:
- 40-60 км/сағ аралығында асыру – белгіленген мөлшерлеме;
- 60 км/сағ және одан жоғары жылдамдықпен асыру – 40 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынады.
- Бір жыл ішінде қайталап құқықбұзушылық жасау – 60 АЕК көлемінде айыппұлмен жазаланады.
Сонымен қатар жолдарды және жол инфрақұрылымын тиісті деңгейде ұстап тұруға жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты жауапкершілік шаралары күшейтілді. Олар тарапынан қайталанған құқықбұзушылықтар үшін де қосымша шаралар қарастырылған.