11 айда Қазақстанда 17 млн тоннаға жуық мұнай өңделді – Энергетика министрлігі

Жарияланды
мұнай өндірісіне
Елде қаңтар-қараша айларында 16,7 млн тонна мұнай өнделген / Фото: kursiv.media

2024 жылдың 11 айында Қазақстанда 16,7 млн тонна мұнай өңделген. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаны құрады. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% – ға артық», – делінген баспасөз хабарламасында.

2024 жылғы есепті кезеңінде өңделген мұнайдан мынадай өнімдер алынған:

  • автобензин – 4,88 млн тонна;
  • дизель отыны – 4,91 млн тонна;
  • авиакеросин – 0,68 млн тонна.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, елдегі барлық мұнай өңдеу зауыты тұрақты жұмыс істеп, жанар-жағармай материалдарының қорларын тиеу және толықтыру жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр.

Айта кетейік, қазан айында Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Министрлік жөндеу жұмыстары қазан айының аяқталған зауыттың, қараша айының басына қарай біртіндеп толық көлемдегі қуатына оралатынын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз