2020 жылы ереуіл кезінде қызметін тастап, қашып кеткен Қырғызстан шенеунігі сотқа келді

Жарияланды
Орозбек Опумбаев ешқайда қашпағанын мәлімдеген / Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі / Сұлтан Досалиев

2020 жылы Қырғызстандағы ереуіл кезінде жеке құрамды тастап, қашып кеткен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Орозбек Опумбаев сотқа келді. Бұл туралы Қырғыз басылымдары хабарлады.

«2 желтоқсанда Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Орозбек Опумбаев Қой-Таш оқиғасы бойынша сот процесіне куәгер ретінде қатысу үшін Бішкек қаласының «Бірінші Май» аудандық сотына келді»,- деп хабарлайды басылымдар.

Экс-шенеунік 2019 жылы болған Қой-Таш оқиғасы мен 2020 жылғы қазан оқиғасына қатысты пікір беруден бас тартқан.

Опумбаев барлық оқиғаны ұмытпағанын және елден қашып кетпегенін мәлімдеген.

Еске сала кетейік 2020 жылдың 4 қазанында Қырғызстанда парламенттік сайлау өтіп, сайлау барысында үкіметшіл «Бірімдік», «Мекенім Қырғызстан» және «Қырғызстан» партиялары жеңіске жеткен. Бұдан соң, дауыс беру нәтижелеріне наразы болған саяси топтар сайлау нәтижелеріне көңілі толмай, 5 қазан күні «Ала-Тоо» алаңына жиналады. Оның арты ереуілге ұласып, жиналған топ сол кездегі президент Сооронбай Жээнбековтің отставкаға кетуін талап ете бастайды. 6 қарашада Жогорку Кенеш ғимаратына басып кіреді. Осы оқиғалар кезінде Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Орозбек Опумбаев пен Ішкі істер министрі Кашкар Джунушалиевтің қызметін орындамай қашып кеткені айтылады.

Ал сол жылдың қарашасында қазіргі президент Садыр Жапаров екі шенеунікке іздеу жарияланғанын мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз