Алматы полициясы депутаттарға айыппұл салып, жазалағанын растады

Жарияланды
«Аталған дерек бойынша жергілікті полиция қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдады»./фото: Аскар Ахметулин

Алматы полициясы жол ережесін бұзып, рұқсат етілмеген орындарға көліктерін қойып кеткен мәслихат депутаттарына жаппай айыппұл салған.   

Кеше, 2 желтоқсанда, отырыстан шыққан алматылық депутаттар жеке жүргізушілерін таппай дал болды. Өйткені полиция қызметкерлері келіп, жол ережесін бұзған көліктерге айыппұл рәсімдеген.

«Аталған дерек бойынша жергілікті полиция қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдады. Белгіленбеген орындарда тоқтағаны және көлігін қойып кеткені үшін құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Алматы полициясы «Құқықтық тәртіп» қағидасын еске сала отырып, жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырып отыр.

Бір алматылық тұрғын депутаттардың басқаларға кедергі келтіретініне қарамастан, рұқсат етілмеген жерлерге көліктерін қойып кететінін байқап,  арнайы полиция шақырған көрінеді.

Сондай-ақ оқыңыз