Жаңалықтар

Шетел асқан заңсыз активтер Интерпол арқылы қайтарылады

Бұл заңсыз қарсы операцияларының жолын кесуге және халықаралық тергеуге жәрдемдесуге септігін тигізеді/фото: Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Астанада ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросы мен Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті арасында  ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл туралы ІІМ ресми интернет-ресурсы хабарлады.

«Бұл қадам экономикалық қылмысқа және заңсыз активтерді шығаруға қарсы күресте ынтымақтастықты бекітуге бағытталып отыр», – делінген ведомство хабарламасында.

Келісім бойынша тараптар күш-жігер біріктіріп, ақпарат және тәжірибе алмаспақ. Бұл заңсыз операцияларының жолын кесуге және халықаралық тергеуге жәрдемдесуге септігін тигізеді.

Бұл бастама мемлекет пен азаматтарға тиесілі активтерді қайтару мәселелерін дереу шешуге мүмкін беріп, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Қараша айының басында премьер министр Олжас Бектенов қосымша құны 525 млрд теңге болатын заңсыз активтер қайтарылғанын, жыл басынан бері қайтарылған активтердің көлемі 900 млрд теңгеге жеткені жөнінде хабарлаған болатын.