Жаңалықтар

Қарашада іскери белсенділік жанданды. Freedom Holding Corp. қызмет көрсету саласындағы PMI индексін жария етті

Фото: shutterstock

Жаңа тапсырыстар өсімінің жаңғыруы іскерлік белсенділікті ары қарай дамытуға ықпал ете бермек. Қарашадағы деректерге сәйкес, негізгі сұраныс тенденцияларының қайта жақсаруына байланысты Қазақстанда қызмет көрсету саласындағы белсенді өсім қайта жаңғырған. Freedom Holding Corp. және S&P Global indicated ұсынған соңғы PMI® деректері көрсеткендей, қарашада қазақстандық қызмет көрсетушілер алған жаңа тапсырыстар саны өсе түсті. Осылайша бір ай бұрынғы құлдыраудан кейін жағдай қайта оңалды. Соңғы сауалнама кезеңінде де белсенділіктің қайта өскені байқалған еді. Сол аралықта шығындар қысымы бәсеңдеді, бұл компаниялардың бәсекеге біршама қабілетті баға стратегиясын ұстануына мүмкіндік берді.

Іскери белсенділік индексі қалай анықталады?

Қазақстандағы қызмет түрлерінің орташа бағасы 2020 жылдың қарашасынан бері баяу қарқынмен өсті. Негізгі көрсеткіш – іскерлік белсенділік индексі. Ол алдыңғы аймен салыстырғандағы іскерлік белсенділік көлемінің өзгеруі жайлы сұрайтын бір сұраққа сәйкес есептеледі. Индекс 0 мен 100 аралығында құбылады, 50-ден жоғары мән өсімді, 50-ден төмен мән қысқаруды білдіреді.

Индекс маусымдық құбылуды ескере отырып түзетіледі. Маусымдық түзету енгізілген іскерлік белсенділік индексі қараша айында өсім мен қысқарудың ара жігін ажырататын бейтарап 50 деген мәннен жоғары болды. Қазан айындағы 49.0 мәнінен кейін, осы айдағы 50.8 көрсеткіші Қазақстанның қызмет көрсету салаларындағы белсенділік орташа қарқынмен өскенін көрсетеді. Қазақстандық қызмет көрсетушілерге түсетін жаңа тапсырыстар қайта ұлғая бастауының арқасында іскерлік белсенділік өсім көрсетті.

Іскерлік белсенділіктің артуына не себеп болды?

Сауалнамаға қатысқан компаниялардың пікірінше, бұған жаңа келісім-шарттар, табысты жүргізілген маркетиң шаралары, жаңа өнімдер қосу және бәсекенің күшеюі түрткі болған. Іскерлік сұраныстың артуына байланысты Қазақстандағы қызмет көрсететін кәсіпорындар қызметкерлер санын ұлғайтты. Қарашада үшінші ай қатарынан жұмыс орындары ашылды, компаниялар қызметкерді толық еңбек күніне алды. Алайда жаңа тапсырыстар құбылмалы болатындықтан, компаниялар жұмыс орнын ашуда барынша сақтық танытты. Сондықтан соңғы айда ашылған жұмыс орындары алдыңғы өсімге қарағанда әлдеқайда әлсіз, тым аз болды.

Қызмет бағаларындағы өзгерістер

Бағаға келсек, алдыңғы екі айдағы секілді бағаға қысым сәл ғана өсті. Ресурс бағасының инфляция деңгейі сауалнама басталған 2019 жылдың наурыз айынан бергі ең әлсіз және тарихи орташа мәннен айтарлықтай төмен болды. Компаниялар әдетте материал бағасы мен коммуналды қызмет ақысы өскен кезде бизнес шығындары ұлғаяды деп көрсетеді. Баға қысымының бәсең болуы Қазақстанның қызмет көрсету салаларына соған сай баға белгілеуге мүмкіндік берді. Қараша айында өндіріс құны тағы да өскеніне қарамастан, инфляция қарқыны 2020 жылдың желтоқсан айынан бері ең төмен мәнде қалды. Бейресми деректерге сәйкес, кейбір компаниялар бәсеке қабілетін күшейте түсу үшін бағаларын төмендеткен.

Қазақстандық қызмет ұсынушылар болашақта белсенділік арта түседі деп үміттенеді, мұндай сенімділік деңгейі ай бойы өсіп, үш айда ең жоғары мәнге жетті, тіпті сауалнамадағы ұзақ мерзімді орташа көрсеткіштен де асып түсті. Мұндай оң көңіл-күйге жаңа өнімдер ұсыну, инвестицияны ұлғайту, маркетиң стратегиялары және сұраныс арта түседі деп күту ықпал етіп отыр.