2024 жылдың желтоқсан айынан бастап Freedom Holding Corp.-тың Қазақстанның өңдеу және қызмет көрсету салаларына арналған іскерлік белсенділік индекстері (PMI®) мемлекеттік тілде жариялана бастады. Осылайша, мемлекеттік тілдегі коммуникацияларды жөн санайтын кәсіпкерлер, менеджерлер мен сарапшылар нарықтық жағдайды бағалауда индекс ұсынған мәліметтерді кеңінен қолдана алады.
Америкалық S&P Global корпорациясы Қазақстандағы өңдеу және қызмет көрсету салаларының іскерлік белсенділік индекстерін 2019 жылғы наурыздан жүргізе бастады. S&P Global – талдау және іскери ақпарат беру нарығындағы әлемдік көшбасшылардың бірі.
Қазақстанның өңдеуші салаларының PMI индексі 250-ге жуық кәсіпорындағы сатып алу жөніндегі менеджерлерінің сауалнамаға берген жауабы негізінде ай сайын шығарылады. Респонденттер тобы компанияның ЖІӨ-дегі үлесі мен қызметкер саны бойынша бөлінеді. Индикатор әртүрлі үлес салмақтары бар бес көрсеткішке негізделген: жаңа тапсырыстар (30%), өндіріс көлемі (25%), қамтылу — (20%), ресурстарды жеткізу уақыты (15%), ресурстар қоры (10%).
Осыған ұқсас әдіс PMI қызмет көрсету саласын дайындауда қолданылады.
PMI индекстері нарықта қалыптасқан ахуалды көрсетеді. Олар әлемнің 40-тан астам елінде жүргізіледі. Бұл – бүкіл әлемдегі орталық банктер, қаржы нарықтары және компания басшылары үшін жол нұсқаушы.
2024 жылдың қыркүйегінде Freedom Holding Corp. Қазақстандағы индекстердің демеушісі болды. Индекстер Freedom Holding Corp. Қазақстандағы өңдеуші салалар бойынша PMI® және Freedom Holding Corp. Қазақстандағы қызмет көрсету салалары бойынша іскерлік белсенділік PMI® деген атаулармен жариялана бастады.
Демеушілік басталғаннан кейінгі Freedom Holding Corp. ұсынған маңызды бастаманың бірі – S&P Global индекстерін қазақ тілінде шығару. Тараптардың бірлескен жұмысының нәтижесінде қазақстандық нарықта алғаш рет PMI индекстері желтоқсан айында (қараша айының қорытындысы бойынша) мемлекеттік тілде жарияланды.
Осылайша қазақ тілді бизнес-аудитория мен сараптау-талдау қоғамдастығы аудармамен бұрмаланбаған ақпарат алуға мүмкіндік туды. Бұл қадам қазақ тілдіндегі талдау мен сараптауды дамытуға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның іскерлік ортасындағы мемлекеттік тілді нығайтуға да ықпал етеді.