Транснефть: «Дружба» құбыры штаттық режимде жұмыс істеп тұр, мұнай тасымалы тоқтаған жоқ

Жарияланды
Дружба құбыры
«Транснефть» «Дружба» құбыры штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады / Фото: ТАСС/Александр Саверкин, коллаж; бильд-редактор:

4 желтоқсанда Чехияға ресейлік «Дружба» құбыры арқылы мұнай жеткізу тоқтатылды деп хабарлады Ceske Noviny порталы.

Бұл ақпаратты Чехияның Индустрия және сауда министрлігінің басшысы Лукаш Вльчек растады. Дегенмен «қара алтын» тасымалының тоқтау себебін атамады.

Бұл ретте Вльчек мұнай тапшылығы жоқ, өйткені Италиядан TAL құбыры арқылы шикізат тасымалы тұрақты түрде іске асырылып жатқанын жеткізді.

«Ресейден тасымал қалпына келтірілмесе, Үкімет Unipetrol компаниясына мемлекеттік қордан мұнай жеткізу мүмкіндігін мақұлдауды ұсынып отыр», – деді Чехия Индустрия және сауда министрі.

Алайда «Транснефть» компаниясының баспасөз қызметі Ресей аумағымен «Дружба» құбыры арқылы мұнай жеткізу штаттық режимде іске асырылып жатқанын хабарлап, Чехия тарапының ақпаратын жоққа шығарды.

«Ресей аумағымен «Дружба» мұнай құбыры арқылы барлық жеткізілім штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр», – деп хабарлады Транснефть.

Еске сала кетсек, 2 желтоқсан Германияға қазақстандық мұнай тасымалданатын «Дружба» құбыры Польша аумағында зақымдалды.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, «Дружба» құбырындағы апат Қазақстанның Германияға мұнай тасымалы бойынша жоспарын бұзбағанын хабарлады. Польша билігі апат диверсиялық әрекет екенін жоққа шығармады. Бүгін де апаттың себеп-салдарлары анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз