Жаңалықтар

КЕGOC Қазақстанның энергожүйесін біріктіру жобасына жалпы сомасы 141 млрд теңге болатын қарыз алады

КЕGOC Қазақстанның энергожүйесін біріктіру жобасына жалпы сомасы 141 млрд теңге қарыз алады
КЕGOC Қазақстанның энергожүйесін біріктіру жобасына жалпы сомасы 141 млрд теңге қарыз алады / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

КЕGOC Батыс Қазақстанның энергожүйесін елдің энергожүйесіне қосу үшін бірнеше қаржы институтынан қарыз алады. Қарыздың жалпы сомасы 141 млрд теңге.

Қазақстандағы жүйелік оператор КЕGOC Еуропалық қайта құру және даму банкі, Қазақстан даму банкі және Канада үкіметінен қарыз алатын болды. Оператордың сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, қарыздың жалпы сомасы 141 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 15 млн еуроны (қазіргі курспен 7,6 млрд теңге) High Impact Partnership on Climate Action бағдарламасы аясында Канада үкіметінен, 32 теңгені Қазақстан даму банкінен алу көзделген. Ал қалған шамамен 101 млрд теңге Еуропалық банктен алынатын болады. Келісімге 4 желтоқсан күні қол қойылған. 

Бұл қаржы еліміздің батыс аймағын бірыңғай энергожүйеге қосуға бағытталған. 

«Жоба шеңберінде ұзындығы 604,3 км болатын 500 кВ «Қарабатан ТП – Өлке ҚС» ӘЖ салу, 500 кВ «Өлке» ҚС реконструкциялау және кеңейту, сонымен қатар 500 кВ «Қарабатан» ТП АТҚ-сын салу көзделген. Жобаның аяқталу мерзімі – 2027 жылғы желтоқсан», – делінген хабарламада.

Еуропалық банктің кредиттік шарттары корпоративтік шешімдер қабылданғаннан кейін яғни 20 желтоқсанда күшіне енеді.