Қалам алып, хат жазу жыл сайын 20%-ға қысқарып барады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қалам алып, хат жазу жыл сайын қысқарып барады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактоор: Ахтам Зиперов

Қазпошта басқарма төрағасы Әсел Жанасованың айтуынша, пошта қызметінің дәстүрлі бағыттары, соның ішінде хат алмасу, жыл сайын 20%-ға дейін қысқарып отыр.

Бұрын мемлекет мекемелері мен жеке тұлғалар хат жазу және жіберу қызметін жиі пайдаланса, қазір бұл қызметке сұраныс төмендеген. Негізгі себеп — мемлекеттік органдар мен ұйымдардың электронды форматқа көшуі және цифрлық технологиялардың кеңінен қолданылуы.

Қазпошта басшылығы қызметтерін әртараптандыруға және жаңа форматтарға бейімделуге тырысып жатыр. Жеткізу қызметін жақсарту, электронды сауда платформаларын дамыту және цифрлық қызметтерді ұсыну — компанияның негізгі бағыттары. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі пошта қызметін оңтайландыру арқылы шығындарды азайту жоспарланып отыр.

Қазақстанда бүгінде 3 мыңнан астам пошта бөлімшесі жұмыс істейді, оның 70%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Бұл көрсеткіш «Қазпошта» қызметінің еліміздің шалғай аудандарын қамтудағы маңыздылығын айқындайды. Компанияда 20 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 6 мыңға жуық адам — пошташылар.

Сондай-ақ оқыңыз