Теңгенің құнсыздануы тұрғын үй бағасына әсер ете ме? Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының басшысы жауап берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Теңгенің құнсыздануы тұрғын үй бағасына әсер ете ме? / фото: архив kursiv.media

Қазақстандағы құрылысшылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков ұлттық валютаның құнсыздануы тұрғын үйдің бастапқы нарығына қалай әсер ететінін түсіндірді. Оның айтуынша, қазіргі жағдай 2007-2008 жылдардағы қаржылық дағдарыс кезіндегі ипотека және құрылыс бизнесінде болған жағдайға ұқсайды.

Виктор Микрюковтың пікірінше, тұрғын үй бағасы доллар бағамының өсуі мен инфляцияға сәйкес артады.

«Қазір құрылыс компанияларының екі таңдауы бар: не жылдам сату, не бағаға шығындарды қосу. Осыған байланысты біз екінші апта қатарынан белсенді сұраныс пен келісімдердің көбеюін байқап отырмыз», – деді Виктор.

Сонымен қатар құрылысшылар қауымдастығының басшысы құрылыс нарығында қиын жағдай қалыптасқанын атап өтті.

«Бұл 2007-2008 және 2014-2015 жылдардағы жағдайларға ұқсайды. Сол кезде көптеген құрылыс компаниясы жабылып қалған. Қазіргі кезде доллар бағамының өсуі, құрылысшылардың нысандарын қаржыландыра алмауы, банктердің жоғары базалық ставканың салдарынан несие бермеуі, сондай-ақ алданған үлескерлердің пайда болуы секілді қауіптер бар», – деді Виктор Микрюков.

Баға өсуінің тағы бір себебі – импорттық құрылыс материалдарының қымбаттауы. Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, бұл фактор бастапқы нарықтағы тұрғын үй бағасына тікелей әсер етеді.

Сонымен қатар сарапшылар 2024 жылдың жазында-ақ премиум-класс санатындағы тұрғын үйлердің бағасы 2-3 есеге өсетінін болжаған болатын. Бұл орта деңгейлі тұрғын үйлердің де қымбаттауына әкелді. Ал ұлттық валютаның құнсыздануы жағдайды одан күрделі жағдай туғызды.

Еске сала кетсек, «Комментарий» телеграм арнасының сарапшысы Әлішер Кәрімов 2025 жылы Қазақстанда құрылыс қарқыны төмендеуі мүмкін деген еді. Оның айтуынша, жалпы қыркүйек айында елдің тұрғын үй нарығында сатып алу мәмілелерінің саны 3,2%-ға төмендеген.

Сондай-ақ оқыңыз