Жаңалықтар

Қырғызстан мен Тәжікстан шекара дауына нүкте қойды

Енді құжаттарды рәсімдеу, парламент арқылы бекіту және президенттердің қол қоюы қалды/фото: Қырғызстанның министрлер кабинетінің баспасөз қызметі

Қырғызстан мен Тәжікстан екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны анықтап, келісімге келді.

«Бүгін, 4 желтоқсанда, Қырғыстан мен Тәжікстан үкіметінің қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі делегациясының тең төрағалары Қамшыбек Ташиев пен Саймумин Ятимов Баткенде кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар келісімге келіп, қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының қалған бөлігін сипаттау толық аяқталды», – делінген Қырғызстан министрлер кабинетінің хабарламасында.

Соның нәтижесінде жұмыс топтарына мемлекеттік шекараны делимитациялау жөнінде қорытынды құжатты бекітуге тапсырма берілген.   

Қырғызстанның ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Ташиев мемлекеттік шекараны бекітуді тарихи күн деп атады.

«Тәжікстанмен арадағы шекарамызды толық келісіп, түбегейлі шешімге келдік. Бұл – тарихи сәт. Енді құжаттарды рәсімдеу, парламент арқылы бекіту және президенттердің қол қоюы қалды. Бірнеше айдан кейін шекара мәселесін түбегейлі шешеміз», – деді Қамшыбек Ташиев.

2021 жылы сәуір айының аяғында шекара дауы қарулы қақтығысқа ұласып, 34 адам қаза болып, 178 адам қаза болғаны еді. Кейбір деректерге қарағанда, жалпы жер дауынан екі тараптан жүзге жуық адам қаза тапқан.