Астана қаласында аялдамаға тоқтаған автобус өртеніп кетті

Жарияланды
Астана қаласында автобус өртенді/ фото: ТЖМ

Елордадағы аялдамалардың бірінде автобус өртенді. «Министрліктер үйі» аялдамасы Астананың сол жағалауының маңызды даңғылдары – Мәңгілік Ел мен Дінмұхамед Қонаевтың қиылысында орналасқан.

Автобус кешкі қарбалас уақытта, министрлік үйінің қызметкерлері жұмысын аяқтап, үйлеріне қайтып бара жатқанда өртенген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Аялдама тұсында қоғамдық көліктің қозғалтқышы жанған.

«4 желтоқсан күні Мәңгілік Ел мен Дінмұхамед Қонаев көшелерінің қиылысында №54 маршрут автобусының жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Бригада сағат 18:54-те оқиға орнына келіп жетті. Сағат 19:04-те өрт толығымен сөндірілді», – деп хабарлады Астана қаласы ТЖ департаменті 3-МӨСБ бастығы Мадияр Мұратов.

Сондай-ақ оқыңыз