Нью-Йорк қаласының орталығында UnitedHealthcare медсақтандыру компаниясының бас директорын атып кетті

Жарияланды (жаңартылды )
Брайан Томпсон
UnitedHealthcare бас директоры Брайан Томпсонды атып кетті / фото: furtune

4 желтоқсан, сәрсенбі күні таңертең әлдебіреу UnitedHealthcare бас директоры Брайан Томпсонды Нью-Йоркте атып өлтірді. Бұл туралы Нью-Йорк полиция департаменті хабарлады.

CNN агенттігінің жазуынша, UnitedHealth Group компаниясы инвесторлар күнін өткізіп жатқан. Манхэттендегі New York Hilton Midtown қонақүйінің сыртында 50 жастағы Томпсонның кеудесіне оқ тиген. Бастапқы мәліметтерге қарағанда, шабуыл қасақана жасалған. Күдікті Топсонды күтіп тұрған және қашып кетпес бұрын оны атып тастаған. Томпсон Рузвельт ауруханасына жеткізілген.

Нью-Йорк полиция департаменті оқиға таңғы сағат 6:40-та болғанын хабарлады.

Сол күні UnitedHealthcare басшылары баяндамаларын жалғастырды, содан кейін мәлімдеме жасады. UnitedHealth Group компаниясының бас директоры Эндрю Уитти ауыр жағдайға байланысты іс-шара тоқтатылғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, UnitedHealthcare – АҚШ-тағы ең ірі медициналық сақтандыру компаниясының бірі – UnitedHealth Group компаниясының бөлімшесі. Томпсон 2021 жылдың сәуірінде UnitedHealthcare бас директоры болып тағайындалды. Ол 2004 жылдан бері компанияға қарасты бірнеше бөлімде жұмыс істеді.

324 млрд доллардан астам табыс тапқан UnitedHealth Group Fortune 500 рейтингінде денсаулық сақтау компаниялары арасында бірінші орында тұр. Ол үшінші жыл қатарынан жалпы тізімдегі 5- орнын сақтап қалды. Компанияның штаб-пәтері Миннетонкада, Миннесота штатында орналасқан.

Сондай-ақ оқыңыз