Қазақстанда 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет бекітілді

Жарияланды (жаңартылды )
Тоқаев үшжылдық республикалық бюджетті бекітті/ фото: kursiv.media

ҚР Президенті «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Жаңа заңға сәйкес жалақының ең төмен мөлшерi 85 000 теңге болып бекітілді.  2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болмақ.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 32 360 теңге. Ең аз зейнетақы 62 771 теңге деп есептелінген. Ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 46 228 теңге деп белгiленді.

Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері 8,5%-ға көтерілмек.

«2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы болып белгiленсiн», – делінген заң жобасында.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2025 жылға арналған резервi – 339,3 млрд теңге.

2025 жылы бюджеттік кіріс – 21,3 трлн, салықтық түсiмдер – 15,1 трлн, трансферттер – 5,7 трлн теңгені құрамақ.

Сондай-ақ оқыңыз