Бейнебақылау жүйесіне Алматы бюджетінен 16,3 млрд теңге бөлінеді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
 Алматыда бейнебақылау жүйесіне 16,3 млрд теңге бөлінеді
Алматыда бейнебақылау жүйесіне 16,3 млрд теңге бөлінеді / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматыда бейнемониторинг және жол қауіпсіздігіне 2025 жылы қалалық бюджеттен 16,3 млрд теңге бөлу жоспарға енді. 2025–2027 бюджет жобасын қалалық мәслихат қарайды. 

Алдағы жылы қалада «Азаматтар көп жиналатын орындарда бейнемониторинг жүйесі» жобасы аясында 6 мың «Сергек» камерасын орнату жоспарланған. Әкімдік ақпаратына сүйенсек, жүйе қалада қосылғалы бері жол-көлік оқиғасы 17%, жол апатынан қаза тапқандар саны 40% азайған.

«Қазіргі уақытта қалада осындай 1 641 кешен жұмыс істейді. Биылғы жылдың 9 айында Алматыда 3 млн-нан астам құқықбұзушылық тіркелген, оның ішінде 18,7 млрд теңгеден астам айыппұл бюджетке өндірілді», – делінген хабарламада.

Бұған қоса, қала көшелерінде «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» жобасы жалғасын табады. Қазір жүйеге 45,2 мың камера қосылған. 2025 жылы олардың саны 70 мыңға жетеді. 

Бейнебақылау жүйелері арқылы коммуналдық қызметтердің жұмысы жеңілдеуі мүмкін. Себебі қоқыс тасталған аймақтарды анықтау, қоқыс контейнерлерін бақылау, су басу деңгейін қарау, иесіз жануарларды табу және басқа да қызметтер камера арқылы жүргізілмек.

Сондай-ақ оқыңыз