Kcell мен Activ ұялы байланыс операторлары жұмыс істемей жатыр. Компания себебін түсіндірді
5 желтоқсанда Қазақстандағы Kcell және Activ ұялы байланыс операторларының қолданушылары желі мен интернет қызметтерінде ақау болғанын хабарлады.
Алматы мен Астана тұрғындары интернеттің істемей қалғанын және қосымшалардың, соның ішінде Kcell қосымшасының жұмыс істемей тұрғанын айтты.
«Астана бойынша Activ-интернет мүлде жұмыс істемейді. Техникалық қолдау қызметіне 3030 нөміріне қоңырау шалсақ, жауапсыз қалады», – деп жазды әлеуметтік желіде қолданушылар.
Activ-тің ресми Instagram парақшасында оператор техникалық себептерге байланысты уақытша қиындықтар туындағанын растады.
«Қазір кейбір сервистердің жұмысында уақытша кідірістер байқалады. Жауапты мамандар мәселені шешу бойынша жұмыс істеп жатыр. Дәл уақыты әзірге белгісіз. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», – делінген компания жауабында.
Сонымен қатар компания барлық қызметтің штаттық режимде жұмыс істей бастағанын хабарлады. Kcell мен Activ ақаулар үшін абоненттерінен кешірім сұрап, зардап шеккен барлық пайдаланушыға бонус тағайындайтынын уәде етті.