Сенат 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жоспарын мақұлдап, президентке қол қоюға жіберді

Жарияланды
бюджет жоспарын
Сенат 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жоспарын мақұлдады / Фото: kursiv.media

Сенат «2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңын мақұлдады.

«2024 жылғы нақтылаған республикалық бюджет Мемлекет басшысы қойған міндеттерге сай келеді және елдің макроэкономикалық, қаржылық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қаржы және бюджет комитеті Қазақстан Республикасының «2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңын мақұлдауды ұсынады»,- деді сенатор Сұлтанбек Мәкежанов.

Депутаттар 2024 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің өзгерістері республикалық бюджетті нақтылауға негіз болғанын, сонымен бірге бұл өзгерістердің экономика өсімі қарқынының төмендеу қаупі жағдайында, өңірлік өсім деңгейін қолдау және ағымдағы жылғы республикалық бюджеттің шұғыл шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқанын айтты.

Айта кетсек, 21 қарашада Сенат үкіметтің 2024-2027 жылдарға арналған бюджеттік жоспарын кері қайтарған болатын. Депутаттар бюджет жоспарының елдің шынай экономикалық жағдайымен ұштаспайтынын ескере келе, жобаға 136 өзгеріс енгізіп, Мәжіліс қарауына жіберді. Сонымен бірге депутаттар ЖІӨ өсімі2025 жылы 5,6% көлемінде болады деген үкімет жоспарына күмәнмен қарайтынын жеткізді.

Енді заңғы президент Қасым-ЖомартТоқаев қол қоюы керек.

Сондай-ақ оқыңыз