Маңғыстау облысы әкімдігі алдында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Жарияланды (жаңартылды )
Оны облыс әкімі қабылдамаса да, Қарақиян ауданы әкімінің орынбасары қабылдапты/фото: Lada

5 желтоқсанда Маңғыстау облысы әкімдігіне бір ер адам келіп, облыс әкімінің қабылдауына кіруді сұраған.

Lada-ның мәліметінше, облыстың ішкі саясат басқармасы аймақ басшысымен кездесудің сәті түспегенін айтқан.

«Әкімдік қызметкерлері бұл азаматқа бүгін облыс әкімінің жеке мәселесі бойынша азаматтарды қабылдамайтынын айтып түсіндірген. Кесте бойынша бекітілген азаматтарды қабылдау күні келуді өтінген», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Десе де, оны облыс әкімі қабылдамаса да, Қарақиян ауданы әкімінің орынбасары қабылдапты. Бұған қанағаттанбаған азамат үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өзін-өзін өртеп жіберген. Полиция мен әкімдік қызметкерлері өртті сөндіріп, азаматты аман алып қалған. Жедел жәрдем келгенше, оған алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліпті.

Сондай-ақ оқыңыз