S&P агенттігі «Транстелекомның» кредиттік рейтингін көтерді

Жарияланды
Коллаж: kursiv.media және бильд-редактор Ахтам Зиперов

S&P Global Ratings агенттігі «Транстелеком» АҚ-ның рейтингіне «позитивті» деген болжам берді. Бұл туралы компания Қазақстан қор биржасына ескертті.

«2024 жылы 4 желтоқсанда  S&P Global Ratings ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бойынша болжамын «тұрақтыдан» «позитивтіге» көтерді. Осы арқылы «В» деңгейіндегі ұзақмерзімді кредиттік рейтингіні нақтылады.  Қазақстандық ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzBBB-» деңгейінде бекітілді», – деп жазылған компания есебінде.

«Транстелеком» 1998 жылы құрылған мемлекеттік кәсіпорын.  Компания телекоммуникация және IT саласында қызмет көрсетеді. 2023 жылы компанияның республика бойынша 14 филиалы болды.

Кәсіпорын акцияларының 25%-ы «Самұрық-Қазынаға» қарайтын ҚТЖ компаниясына тиесілі.Ал 2019 жылы қалған 75%-ын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиевтің бақылауындағы Unit Telecom сатып алды. Былтыр кәсіпорын 11 млрд теңге шығынға ұшыраған, дегенмен биыл жағдай өзгерді. Қазақстан қор биржасында жарияланған мәліметке сенсек, кәсіпорын табысы 10,8 млрд теңгені құраған.

Сондай-ақ оқыңыз