Жаңалықтар

Оңтүстік Кореядағы саяси тұрақсыздықтан кейін, кореялық валюта әлсіреді

Оңтүстік кореялық вон әлсіреді / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Оңтүстік кореялық вон әлсіреп, екі жыл ішіндегі ең төменгі деңгейіне жетті. Бұл елдегі саяси тұрақсыздыққа байланысты болып отыр.

3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель елде төтенше жағдай жариялады.  Ол үкіметті «солтүстік кореялық антимемлекеттік күштерден» тазалау үшін осы қадамға баруға мәжбүр болғанын мәлімдеді. Бірақ депутаттардың шұғыл жиналысы өтіп, бар болғаны алты сағаттан кейін президент әскери жағдайды жою туралы шешім қабылдады.

Ел ішіндегі осы оқиғаларға байланысты оңтүстік кореялық валюта бір доллар үшін 1424,46 вонға дейін түсіп, 2022 жылдың қарашасынан бергі ең төменгі көрсеткішке жетті.  Samsung Electronics акциялары  1%-ға,  LG Energy Solution — 2%, автоөндіруші Hyundai Motor  акциялары 2,56%-ға төмендеген.

Бейсенбі, 5 желтоқсан күні, елдің қаржы министрі нарықты тұрақтандыру үшін 40  млн вон (28,35 млрд доллар) бөлетінін мәлімдеді.