Астана қаласының прокуртурасы заңсыз криптовалюта айналымы үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Криптовалютаны сатуға рұқсат етілген алаң – «Астана» халықаралық қаржы орталығының платформасы.
Бірқатар тұрғындар қаржы орталығына тіркелместен, крипавлютаны айырбастау процесін жүргізген. Соған байланысты сот шешімі шыққан.
«Сот үкімімен екі тұлға ҚК-нің 214-бабымен кінәлі деп танылып, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін сотталды. Жалпы заңсыз айырбас айналымы 7 млрд теңгені құрады», – деп хабарлады прокуратура.
Сот шешімімен мемлекет пайдасына сотталғандардан аталған сома өндіріп алынды.
Ұлттық банк 1,5 млн адам елде заңзсыз цифрлық актив саудасымен айналысатынын анықтаған. Олардың көбі шетелдік алаңдарда пайда табуға құлшынады. Бірақ та АХҚО құзіретінен тыс биржаларға барып тіркелген. Сарапшылар олардың көбіне алданып қалатынын айтты.