Қазақстанда базалық мөлшерлеме Ресейден төмен болса да, бизнеске берілетін кредит қымбат

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock.com

Еуразиялық Одаққа кіретін 5 мемлекет арасында Қазақстан кәсіпкерлеріне ұлттық валютамен алған кредит қымбатқа түседі. Өйткені Қазақстандағы бизнеске берілетін несиенің орташа пайыздық мөлшерлемесі 24,1%-дан басталады. Ал ең арзаны – Беларусь елінде. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия шолуында жазылған.

Беларусь орта және шағын кәсіпкерлері бизнесін дамытуға ұлттық валютада кредит алса, орташа мөлшерлемесі 10,7% болады. Яғни Қазақстанмен салыстырғанда бизнеске ұзақ мерзімге берілетін несие екі есе арзан.

Ресейдің негізі мөлшерлемесі (21%) Қазақстанның базалық мөлшерлемесімен (15.25%) салыстырғада әлдеқайда жоғары болса да, бизнеске рубльмен берілетін ұзақмерзімді кредиттің орташа пайыздық мөлшерлемесі – 15,3%. Ал қысқамерзімді несиенің пайызы орта есеппен 19%-ды құрайды.

Есесіне Қазақстанда шетелдік валютамен берілетін несиенің орташа пайыздық мөлшерлемесі төмен. Шетелдік валютамен берілетін ұзақмерзімді кредиттің орташа пайыздық мөлшерлемесі 6,2 деңгейінде. Шетелдік валютамен берілетін кредит Беларусь мемлекетінде ең қымбат – 15,7%.

2024 жылдың III тоқсанының соңында ұлттық валютадағы несие бойынша заңды тұлғалардың берешегі былтыр сәйкес кезеңмен салыстырғанда, Арменияда – 23%-ға, Беларусьте – 21%-ға, Қазақстанда – 8%-ға, Қырғызстанда – 13%-ға, Ресейде – 22%-ға артқан. Сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде, Беларусьті қоспағанда (11%-ға төмендеу), шетел валютасындағы кредит бойынша заңды тұлғалардың берешегі де өскені байқалды.

ЕАЭО-ға мүше елдер арасында III тоқсанда тек Ресей мен Қазақстан пайыздық мөлшерлемені көтерген. Арменияда оны біртіндеп төмендетуде, ал Беларусьте және Қырғызстан орталық банктері үзіліс жасаған.

Сондай-ақ оқыңыз