Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы тілдесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Сөйлесу барысында Тоқаев Трампты президент лауазымына қайта сайлануымен құттықтаған.
«Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады», – делінген Ақорда хабарламасында.
Бұған қоса, Президент әлемде туындаған өзекті мәселелерге қатысты Қазақстанның ұстанымын жеткізген.
Екі ел президенттері Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығының қарқынын сақтап тұру мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласқан.
Айта кетейік, 5 қарашада болған АҚШ президент сайлауында Консервативті партияның өкілі Дональд Трамп демократтар ұсынған Камала Харристен алда келіп, жеңіске жеткен. 6 қарашада президент Тоқаев Трампты жеңісімен құттықтап, жеделхат жолдаған.