Қазақстан ішінде 6 млн турист саяхаттаған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан ішінде 6 млн турист саяхаттаған / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанда ішкі туризммен айналысқан азаматтар саны 5,97 миллионға жетті. Бұл туралы Туризм индустриясы комитеті.

Комитеттің мәліметінше, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 562 мың адамға артық. 2023 жылы бұл көрсеткіш 5,4 миллион адамды құраған.

Ел ішінде саяхаттаған туристердің басым бөлігі Алматы, Астана қалалары мен Ақмола облысын таңдаған. Бұл өңірлер табиғаттың ерекше сұлулығымен, заманауи инфрақұрылымымен және түрлі туристік бағыттарымен танымал.

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев:

«Ішкі туризмнің дамуы қазақстандықтардың өз елін тереңірек танып, зерттеуге деген қызығушылығының артқанын көрсетеді. Бүгінде ішкі туризмді әр азамат үшін қолжетімді әрі жайлы етуге бағытталған нақты шаралар қолға алынуда. Инфрақұрылымды дамыту мен жаңа туристік бастамаларды қолдау осы бағыттағы негізгі жұмыстардың бірі болып табылады», – деп атап өтті.

Еске сала кетейік, қыркүйек айында Қазақстанға 597 мың турист келіп, рекорд орнатты. Олардың көбі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен Димаш Құдайбергеннің концертіне келген. 2024 жылғы 1-13 қыркүйек аралығында Қазақстанға 597 мың шетелдік турист келген. Олардың ішінде 68 мың адам ұшақпен келсе, қалғандары авто және теміржол көлігін таңдаған

Сондай-ақ оқыңыз