Франция президенті Эммануэль Макрон 2027 жылға дейін билікте қалатынын мәлімдеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Макрон 2027 жылға дейін билікте қалатынын мәлімдеді / фото: reuters

Франция президенті Эммануэль Макрон елдегі саяси дағдарысқа қарамастан, 2027 жылға дейін билікте қалатынын мәлімдеді. Бұл туралы The Guardian хабарлады.

Франция басшысы отставкаға кету мүмкіндігін жоққа шығарып, жақын күндері жаңа премьер-министрді тағайындайтынын уәде етті.

«Сіздер маған бес жылға демократиялық мандат бердіңіздер, мен оны толық орындауға міндеттімін», – деді Макрон француз халқына жолдаған үндеуінде.

Еске салсақ, Францияның Ұлттық ассамблеясы премьер-министр Мишель Барнье үкіметіне сенімсіздік білдіріп, оны отставкаға жіберу туралы шешім қабылдады. Макрон осы жағдайларға қарамастан, ел басқару жауапкершілігін соңына дейін атқаратынын айқын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз